top of page
Search

Комитет төрағасы «Электрондық киіз үйді» әзірлеушімен кездесті

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов «Ұлас-Электрон» ЖШС басшысы, «Электрондық киіз үйді» әзірлеуші Қызырбек Ғалымбекпен кездесті, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


«Электронды киіз үй» – баланың рухани әлемін бай, саналы тұлға етіп қалыптастыруға ықпал ететін заманауи тәрбие құралдарының бірі.

Киіз үйдің шағын нұсқасының өзіне 1 135 шығарма (қазақ тілінде) енгізілді, оның ішінде ертегілер, балалар әндері, халық әндері, терме-толғау, патриоттық әндер және Абай Құнанбаевтың Қара сөздері бар. Сондай-ақ, радиоқабылдағыш та орнатылған. Домбыра, қобыз, сыбызғы, сазсырнайда ғана емес, көне музыкалық аспаптарда орындалатын күйлер де жүктелген.

Бұндай электрондық құрылғылардың өскелең ұрпақтың дамытуы мен тәрбиесіндегі маңыздылығын ескере отырып, осындай әзірлеуші авторларды қолдау және олардың өнімдерін жан-жақты танымал етудің маңызы зор.















ความคิดเห็น


bottom of page