Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр
- Редакция "СО"
- Feb 17
- 1 min read
Қасым-Жомарт Тоқаев Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде жүргізіліп жатқан қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, «Замануи білім беру» журналы Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Мемлекет басшысына жаңғырту жұмыстарынан кейін бас ғимараттың көлемі 10 мың шаршы метрге ұлғайып, 38 мың шаршы метрге жуықтағаны жөнінде баяндалды.
Соның нәтижесінде жаңа арнаулы аудиториялар ашуға мүмкіндік туды. Ауқымды іс-шаралар өткізетін 1100 орындық үлкен концерт залы пайдалануға беріледі.
Бұдан бөлек, оқу корпусында академиялық музыкаға арналған камералық зал, дайындық студиялары, студенттер мен өзге де суретшілердің туындылары қойылатын көрме галереялары бар.
コメント