top of page
Search

Кәсіптік-техникалық колледждерге қандай квота бойынша оқуға түсуге болады


Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде 9 санат бойынша квоталар қарастырылған.


Нұр-Сұлтан қаласы білім беру басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазинова аталған санаттардың тізімін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде 9 санат бойынша квоталар қарастырылған. Олар: І және ІІ топ мүгедектері, мүгедек-балалар және оны тәрбиелеуші отбасылар, ауыл жастары, жетім балалар, көпбалалы, аз қамтылған және толымсыз отбасылардың балалары, «қандас» санаты. Барлық квоталар бойынша «талапкер» мәртебесін растайтын құжаттар болуы тиіс», - деді ол.


Римма Иманғазинова колледждерге құжат қабылдау мерзімі 9 және 11 сынып түлектері үшін әр түрлі екенін ескертті.


«9-сынып түлектері үшін мамандықтар мен колледждер бойынша талапкерлерді саралау 23 тамызға дейін және 11 сынып түлектері үшін 25 тамызға дейін жүргізіледі. Конкурс қорытындысы бойынша мамандықтар мен колледждерге түскендердің тізімі басқарманың ресми интернет ресурстарында жарияланып, ақпараттық жүйе арқылы хабарланады. Егер талапкердің талаптары болса, ол әрдайым өзі таңдаған колледжге жүгіне алады», - деді басқарма өкілі.



Автор: Есімжан Нақтыбай



#Нұр-Сұлтан #Білім


ความคิดเห็น


bottom of page