Көкшетауда ТжКБ психологтарының облыстық семинары өтті
- Редакция "СО"
- Oct 19, 2023
- 1 min read
18 қазанда Көкшетау қаласындағы жоғары техникалық колледжінің базасында Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының психологиялық қызмет бөлімінің әдістемелік қолдау бойынша облыстық семинар-кеңес өтті, «Современное образование» журналы Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Іс-шараға колледж директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог- психологтары және әлеуметтік педагогтері қатысты. Жалпы қатысушылар саны-67.
Кеңес жұмысы барысында Ақмола облысы білім басқармасының тәрбие жұмысы, қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің басшысы Галимова А.С. ТжКБ ұйымдарында буллингтің алдын алу бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі бағыттары туралы сөз алды.
Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының психологиялық қызмет бөлімінің басшысы Ермұханова И.И. ТжКБ ұйымдарының психологиялық қызметі мамандарының аутодеструктивтік, оның ішінде суицидтік және девианттық мінез-құлықтың алдын алудағы кәсіби құзыреттілігінің ерекшеліктері туралы айтты.
Сонымен қатар, бөлім әдіскерлері Шарипова Г.Е., Садыханова Г.Т. педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтардың жұмысына арналған практикалық кейстерді таныстырды.
Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

Comments