top of page
Search

«Көңілдің асыл пернесі» халықаралық байқауы қорытындыланды

Астанада бүгін «Көңілдің асыл пернесі» халықаралық шығармашылық байқауы қорытындыланды. Байқауды Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасы, М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы ұйымдастырды. Нұрсұлтан Назарбаев Қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Байқау 2015 жылдан бері өткізіліп келеді және сол уақыттан бастап жыл сайын көптеген талантты баланы анықтады. «Бұған дейін байқауға 3,5 мыңнан астам оқушы мен колледж студенті қатысты. Биылғы байқауға Қазақстанның барлық өңірі мен алыс-жақын 6 елден 136 өтінім келіп түсті. Байқауға Ресей, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай және Индонезиядан қатысты», - деді биылғы байқау туралы кітапхана директоры Бақытжан Темірболат.


Өз кезегінде атқарушы директордың орынбасары Әлкей Марғұланұлы «Байқау қазақ ұлттық шығармашылығының таралуына, жастарды адамгершілікке баулу мен халықтық құндылықтарды нығайтуға ықпал ететінін» атап өтті.

Байқау аясында қатысушылар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын танымал халық әндерін орындады. Бұл табиғат, махаббат пен жастық туралы музыкалық шығармалар. Екі топта (12-14 жас және 15-17 жас) үш номинация бойынша I, II, III орын иегері, сонымен бірге байқаудың бас жүлдегері анықталды.


Байқау жеңімпаздары:

- «Әсем әнім сырнайдай...» номинациясында (12-14 жас) Гамбарашвили Нелико, Грузия; - «Қасиетті домбыра» номинациясында (12-14 жас) – «Жас екпін» триосы, Астана қ.; - «Бабамнан қалған кең дала» номинациясында (15-17 жас) - Исағұлова Раушан, Астана қ.; - «Бабамнан қалған кең дала» номинациясында (12-14 жас) - Амантай Айғаным, Астана қ.; Бас жүлде – Азат Нұрасыл, Астана қ.


Сонымен қатар, байқаудың арнайы номинациялары бойынша бірқатар жүлдегер марапатталды.





Comentários


bottom of page