top of page
Search

Маңғыстауда ғылымды өндіріспен байланыстыру мәселелері талқыланды

Маңғыстауда ғылымды өндіріспен байланыстыру мәселелері талқыланды. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында SVEVIND Energy GmbH компаниясының Қазақстандағы аймақтық өкілі Айнұр Тұмышевамен кездесіп, «Жасыл сутегі» зауытына мамандар дайындау мәселесін талқылады. Сондай-ақ, Ғылым комитетінің төрағасы Д. Ахмед-Заки Есенов Университетімен серіктес ірі компаниялардың қызметімен танысты.

«Мемлекет басшысының ғылымды өндіріспен байланыстыру жөніндегі арнайы тапсырмасын өңірлерде жүзеге асыру бойынша «CASPI BITUM» БК» ЖШС және «KazAzot» АҚ-мен келелі кеңестер жүргіздік. Ұйым басшылары әріптестік байланыстарымызды одан ары нығайта түсуге ықылас білдірді», - деп атап өтті Дархан Ахмед-Заки.

Кездесу барысында серіктес ұйымдар Yessenov University базасында болашақ кәсіби мамандарды дайындауға мүдделі екендігін жеткізді.



Comentarios


bottom of page