top of page
Search

Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады

Комиссия құрамындағы білікті де кәсіби әлеуеті жоғары түрлі сала сарапшылары табанды еңбек етіп, ауқымды жұмыс жасай білді, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Осы ретте айта кетсек, биылғы комиссия сапында Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар мен бiлiм саласы кәсiподақтарының жетекшілері және «Атамекен» ұлттық кәсiпкерлер палатасының, жоғарғы оқу орындары қауымдастығының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды.


Енді талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде білім беру гранттары тағайындалатын болады.


Сапалы және қажырлы қызметі үшін комиссия мүшелеріне шексіз алғысымды білдіремін.


Биыл білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға 94 мыңнан астам өтінім берілді. Талапкерлердің басым бөлігінің таңдауы «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыттарындағы мамандықтарға түсті.


Конкурстық ірiктеудiң қорытындысы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнің интернет ресурсында, Ғылым және жоғары білім министрлігінің телеграм арнасында және ведомствоның әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында 10 тамызға дейін жарияланады.


Ал жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау 25 тамызда аяқталады.














Comments


bottom of page