Мемлекет басшысының отандық ғылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру барысы туралы Премьер-Министр айтты. Акорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.
Мемлекет басшысының отандық ғылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру барысы туралы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың сөйлеген сөзінен:
2020 жылы ғылымды қаржыландыруға 89 миллиард теңге бөлінсе, биыл оның көлемі 160 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылды. 2025 жылға қарай қаржыландыру көлемін 240 миллиард теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр.
Ғалымдардың жалақысыбылтыр екі есе өсті. Биыл 20 пайызға көбейді, алдағы жылдары – тағы 20 пайызға артады.
Гранттар конкурсының қорытындысына қарамастан, базалық қаржыландыру аясында 700 ғалым жалақымен қамтамасыз етілді.
Іргелі ғылымға қаражат гранттар конкурсынан тыс бөлінеді.
Ұлттық ғылыми кеңестер шешімдерінің объективтілігі арта түсті, апелляциялық комиссия құрылды.
Қазақстанның ғалымдары жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарына тағылымдамадан өтуге жіберіледі. Жас ғалымдарға 1000 грантқа дейін бөлінеді.
2020 жылы 40 жасқа дейінгі жас ғалымдардың үлесі 38 пайыз болса, бүгінде бұл көрсеткіш 46 пайызға жетті.
Жобаларды коммерцияландыру үлесі 27 пайызға артты.
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының мәртебесі жоғарылады.
2029 жылға дейін ғалымдардың санын 1,5 есе арттыру жоспарланып отыр.
Comentários