ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Отто Иван Ронамен кездесті. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.
Министр Саясат Нұрбек пен Венгрия елшісі Отто Иван Ронаның кездесуі барысында Stipendium Hungaricum шеңберіндегі ынтымақтастық бағдарламасын 2023-2026 жылдарға ұзарту мәселесі талқыланды.
Саясат Нұрбек Келісімнің қолданылу мерзімінің аяқталуына және Министрліктің қайта құрылуына байланысты екі елдің салалық ведомстволары арасындағы Келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама жобасының дайындалғанын атап өтіп, Елшіден осы мәселеде Қазақстанның бастамасына қолдау көрсетуді сұрады.
«Келісімнің екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудағы маңыздылығын ескере отырып, Сізден Келісімнің қолданылу мерзімін 5 жылдан 10 жылға ұзарту туралы ұсынысты қолдауыңызды сұраймыз», - деді министр.
Сонымен қатар тараптар жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларының академиялық алмасу мәселелерін және Қазақстанда Мажарстан жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу мүмкіндігін қарастырды.
Comments