М. Әуезов атындағы ОҚУ-де «EduCampShym» жазғы кәсіптік бағдарлау лагері ашылды
- Редакция "СО"
- Jun 2
- 1 min read
Шымкент қаласы білім басқармасының қолдауы және М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің бастамасымен М. Әуезов атындағы ОҚУ-де алғаш рет «EduCampShym» жазғы кәсіптік бағдарлау лагері салтанатты түрде ашылды. Лагерьге күніне 70-ке жуық оқушы келеді.

EduCampShym – бұл оқушылар мен түлектерге кәсіптер әлеміне саяхат жасап, түрлі мамандықтармен жақын танысуға, шеберлік сабақтары мен тренингтерге қатысуға, сонымен қатар өз қабілеттері мен бейімділіктерін ашуға мүмкіндік беретін бірегей жоба.
Лагерь аясында оқушылар университеттің зертханалары, оқу базаларымен танысып, тәжірибелі оқытушылармен және саланың үздік мамандарымен жүздесуде. Бұл – жастардың саналы таңдау жасап, болашақ мамандығына сеніммен қадам басуына берілетін тамаша мүмкіндік.

Comments