top of page
Search

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде «Жас талант» шығармашылық өнер конкурсы өтті

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша орта білім беру мектептерін бітіруші оқушыларға арналған «Жас талант» шығармашылық өнер конкурсы өтті.


М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті

Конкурста шығармашылық білім бағдарламалары тобын таңдаған дарынды және талантты оқушылар екі кезеңнен өтті. Қатысушылар дінтану, театр өнері, мәдени-тынығу жұмысы, сән дизайны, хореография, бейнелеу өнері, сәулет, журналистика, көркем еңбек және сызу өнері, алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру, музыкалық білім бағыттары бойынша бағын сынауда.


Атап өтейік, дәстүрлі түрде өтетін олимпиадаға биыл тіркелгендердің саны 3 мыңнан асты. 17-28 ақпан аралығында өтетін сайыста кіл мықтылар анықталды. Олимпиаданың нәтижесі бойынша жеңімпаздарға оқуға түскенде оқу ақысына I – орынға 100% (12 орын), II – орынға 75% (12 орын), III – орынға 50% (12 орын) жеңілдіктер қарастырылған.



Comentários


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page