top of page
Search

Оралда өңірлердің адами капиталын дамыту және оған жеке өңірлік жоғары оқу орындарының қатысуы

Оралда өңірлердің адами капиталын дамыту және оған жеке өңірлік жоғары оқу орындарының қатысуы. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Орал қаласында Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының жалпы көшпелі жиналысы өтті. Аталған іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов, Қазақстан Республикасының жеке жоғары оқу орындарының ғалымдар мен ректорлары қатысты.


Жиналыс барысында өңірлердің адами капиталын дамыту және оған жеке өңірлік жоғары оқу орындарының қатысуы, жоғары оқу орындарының өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып келе жатқан үлесі, жергілікті өндірісті білікті кадрлармен қамтамасыз ету, өңірлердің дамуын қарқындату мақсатындағы білім мен ғылымның берік байланысын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.


Өз сөзінде министр Саясат Нұрбек ҚР жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының бекітіліп, отандық білім мен ғылымды дамыту бағытында бірқатар жұмыстардың жолға қойылып отырғанын мәлімдеді.

Соның ішінде білім беру гранттары санын көбейту мәселесін айта отырып, 2023 жылда барлық инфокарта толтырған ЖОО орындары білім беру грантының конкурсына қатыса алатынын атап өтті.


Аталған тұжырымдаманың міндеттерінің бірі жоғары білімге қолжетімділік екенін көрсетіп, бұл тұрғыда 2023 жылдан бастап «Келешек» бірыңғай ынтымақты білім беру жинақтау жүйесі іске асырылатындығына баса назар аудартты.

Қазіргі таңда «Мамандығым - болашағым» бағдарламасы кеңейтіліп, әр өңірде аймақтық кәсіп картасы жасалатындығын айтты.


Сонымен қатар білім алушыларды жатақханамен қамтамасыз ету мақсатында көптен инвестицияланбаған, қалып қойған өңірдегі қонақ үйлер мен бизнес орталықтарын жатақханаға беру және оны қаржыландыру мемлекеттің қолына алынғандығы да сөз болды.

Министр жеке жоғары оқу орындарын толғандыратын барлық мәселелер жоспарлы түрде шешілетінін атап өтті.


Іс-шарадан соң министр жекеменшік оқу орындарының басшыларымен кездесу өткізді. Жеке кездесулерде жоо-лардың ілгері дамуына жол ашатын маңызды мәселелерді талқылап, сұрақтарға жауап берді.


БҚО-ға жұмыс сапарының соңында Саясат Нурбек академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Түркиядан келіп, БҚИТУ-да сабақ өткізіп жатқан профессорлармен кездесті.


Commentaires


bottom of page