top of page
Search

Оқу-ағарту министрлігі жайлы мектептер салудың жаңа тетігін ұсынады

20.02.2024.


Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі жайлы мектептер салу тетіктері туралы баяндады. Ғани Бейсембаевтің айтуынша, жоба бүгінде үш әдіспен жүзеге асырылуда, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


комфортная школа

Біріншісі мектептердің құрылысы «Samruk-Kazyna Сonstruction» бірыңғай операторы арқылы жүргізіледі. Екіншісі, әкімдіктердің дайын ғимараттарды жеке инвесторлардан сатып алуы арқылы, үшіншісі мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында.

Ұлттық жобаны іске асыруға жеке инвестицияларды тарту мақсатында Оқу-ағарту министрлігі мектеп салудың төртінші тетігін әзірледі.


«Бұл тетік екі тараптан тұратын консорциум құруды көздейді. Бұл жеке инвестор және жетекші білім беру ұйымы. Оны іске асыру кезінде объектілердің қымбаттау тәуекелдері нивелирленеді. Яғни, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша кейінге қалдырылған міндеттемелер есебінен бюджетке жүктемелер қысқартылады. Инвесторларды іріктеуді әкімдіктер конкурстық негізде жүзеге асырады», – деді Ғани Бейсембаев.

Айта кетейік, былтыр 208 жайлы мектептің құрылысы басталды. Оның 98-ін оқу жылы басталғанға дейін, қалған 110 нысанды 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беру көзделуде. Сонымен қатар, Астана және Алматы қалаларында 9 мектепті жеке құрылыс салушылардан сатып алу жоспарлануда. «Жайлы мектеп» жобасы бойынша барлығы 740 мың оқушыға арналған 369 мектеп ашу жоспарлануда.



Comentarios


bottom of page