top of page
Search

Оқу-ағарту министрі Абай облысының педагогтерімен кездесті

ҚР Оқу-ағарту министрі жұмыс сапарымен Абай облысында болды. Ғани Бейсембаев Аягөз, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Үржар және Жарма аудандарының педагогтерімен кездесулер өткізді. Ғани Бейсембаев кездесу кезінде әсіресе, сапалы білім беру мен кәсіби дамуды қамтамасыз етудің негізгі бағыттарына және ҰБТ (ұлттық біліктілік тест) өткізу ережелеріндегі өзгерістерге баса назар аударды.

«Министрлік «Білім беру өзгерістерінің 1000 көшбасшысы» кадрлық резервін қалыптастыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде. Басты мақсат – педагогтер бойында тұлғалық, кәсібилік, басқарушылық, сараптамалық дағдылар мен құзыреттерді дамыту. Бағдарламаға психологиялық тестілеу енгізіліп отыр, ол жас педагогтердің, болашақ көшбасшылардың тұлғалық түрін, табыстылығын анықтауға мүмкіндік береді», - деп мәлімдеді министр.

Бұған дейін VIII шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің бірінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы педагогтер үшін ҰБТ ережесін оңайлатуды ұсынған болатын. Қазіргі таңда министрлік мұғалімдерді аттестациялау жүйесін жетілдіру бойынша бірқатар жұмыстар атқаруда. «Оқыту әдісі» бағыты мен портфолио қалыптастыру процесі қайта қаралатын болады.


Бүгінде Абай облысында 12 мыңнан астам педагог қызмет етеді, оның ішінде 2000-нан астам педагог-зерттеуші, 95 педагог-шебер бар.


Сондай-ақ Ғани Бейсембаев жоспардан тыс Абай облысының орталығынан шалғайда жатқан елді мекендерде болып, білім беру ұйымдарын аралады. Олардың бірі - Жарма ауданындағы Аршалы негізгі мектебі. Облыс орталығынан 280 шақырым қашықтықта орналасқан бұл мектепте 70 оқушы, 19 мұғалім бар.


Министр ат басын бұрған білім беру ұйымдарының арасында І.Жансүгіров атындағы Үржар орта мектебі, «Ертөстік» мемлекеттік балабақшасы, Таскескен ауылындағы Үржар колледжі, Шынқожа батыр атындағы жалпы орта мектеп және Аягөз ауданындағы №3 жалпы орта мектеп бар.


Министр балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстармен, мектеп дәретханаларының жағдайымен, мектептің материалдық-техникалық жабдықталуымен және тамақтандырудың ұйымдастырылуымен танысып, оқушылар үшін жайлы жағдай жасау, білім ұйымдарын дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.


Абай облысының әкімдігімен бірлесіп білім беру ұйымдарындағы проблемалық мәселелерді шешу бойынша нақты қадамдарды қамтитын білім беру жүйесін дамытудың өңірлік жол картасы қабылданатын болды.


Comments


bottom of page