30.01.2024.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы оқулықтарды таңдау бойынша арнайы платформа әзірледі. Аталмыш платформа педагогтерге пәндік оқулықтарды таңдауға мүмкіндік береді, «Современное образование» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
ETANDAU.GOV.KZ платформасы жабық жүйеде құрылған, ол тек педагогтер, мектеп директорлары, әдістемелік бірлестіктер мен білім басқармаларының басшылары үшін ғана қолжетімді. Жүйе оқулықты таңдау үрдісін автоматтандыра отырып, қабылданған шешімдердің объективтілігі мен ашықтығын арттыруға ықпал етеді.
«Электрондық платформа педагогтерге «өз» оқулықтарын таңдап алуға мүмкіндік береді. Сабақ беруді сапалы ұйымдастыруда оқулықты дұрыс таңдау аса маңызды», – дейді орталық директоры Нәзира Абдрахманова.
Атап өту керек, қазіргі уақытта бұл платформа сынақтан өтуде. Пилоттық жобаға Астана қаласының және Қостанай облысының 20 мектебі қатысуда.
Comments