top of page
Search

Сауда және интеграция министрлігі мен ҚазҰУ ғылыми әзірлемелерді іске асыруға келісті

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев пен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма төрағасы - ректоры Жансейіт Түймебаев коммерцияландырудан өткен ғылыми жобаларды ілгерілетуде, сондай-ақ халықаралық сауда саласында мамандар даярлаудағы өзара іс-қимылды талқылады. ҚР Сауда және интеграция министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Уағдаластықтарды дамыту мақсатында тараптар Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Қайрат Төребаев түсіндіргендей, құжат инновациялық жобаларды бірлесіп іске асыруды, шикізаттық емес экспортты дамыту туралы ақпарат алмасуды, сыртқы нарықтарға шығу үшін шағын және орта бизнесті оқытуды көздейді.

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылым мен технология саласындағы еліміздің жетекші университеттерінің бірі болып табылады. Біздің бірлескен күш-жігеріміз QazTrade және KazakhExport құралдары арқылы инновациялық өнімдерді ілгерілетуге бағытталатын болады. Бұл сауда-экономикалық миссияларға, ірі сауда электронды алаңдарына шығару бағдарламасына қатысу, сондай-ақ сертификаттау кезінде шығындардың бір бөлігін өтеу. Ынтымақтастықтың басты басымдықтарының бірі QazTradeAcademy шеңберінде оқыту болады. Біз студенттерді де, стартаперлерді де халықаралық нарықтарға шығу ережелеріне оқытатын боламыз», - деп атап өтті Сауда және интеграция вице-министрі.

Өз кезегінде Жансейіт Түймебаев ҚазҰУ-дың ғылыми инфрақұрылымын таныстырып, ЖОО қабырғасында дайындалған перспективалы ғылыми жобалар туралы айтып берді.

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де ғалымдар әзірлеген 100-ден астам инновациялық жоба бар. Қазір осы ғылыми жобаларды коммерцияландыру жұмыстары жүргізілуде. Бірлескен бастама университет ғалымдарының әзірлемелерін одан әрі дамытуға бағытталатын болады. Университет ғылымының нәтижелері ел экономикасына және жалпы қоғамға пайда әкелуі тиіс», – деді ҚазҰУ ректоры.

Кездесу аясында Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері ҚазҰУ-дің дәрілік өсімдіктердің ғылыми-зерттеу орталығына, Процестік инновациялар орталығына және әл-Фараби кітапханасына барып, ЖОО ғалымдарының ғылыми жобаларын ұсынды.


QazTrade Academy білім беру платформасының басшысы Айнұр Әмірбекованың айтуынша, QazTrade мен ҚазҰУ арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі QazTrade Academy шеңберіндегі оқыту болып табылады (www.qaztradeacademy.kz).

«Біз экспорт және халықаралық сауда саласында шағын және орта бизнес үшін жаңа оқу бағдарламаларын әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, біз сауда саласындағы мамандарды оқытамыз және біздің оқу бағдарламаларымызды ҚазҰУ-дың оқу жоспарына енгіземіз. Біздің жоғары оқу орындарымен және инновациялық орталықтармен белсенді жұмысымыз Қазақстандағы инновациялар экспортын қолдауға бағытталған. Мысалы, жақында біз «Ready4Trade Орталық Азия» жобасы аясында халықаралық сауда орталығымен бірлесіп әзірленген оқу бағдарламасы бойынша ҚБТУ инновациялық жобаларының стартаперлері үшін тренингтер өткіздік. Біз сондай-ақ Astana Hub бағдарламаларын енгізу және Astana Hub резиденттері мен Қазақстан экспорттаушыларын бірлесіп оқыту үшін Astana Hub-пен ынтымақтасатын боламыз», -деді Айнұр Әмірбекова.

コメント


bottom of page