top of page
Search

Саясат Нұрбек Қазақстанның студенттік омбудсмендерімен кездесті

Халықаралық Студенттер күні қарсаңында Cәтбаев Университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен министрлік жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес өкілдерінің кездесуі өтті, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Ресми және шығармашылық бөлімдерге бөлінген кездесу аталмыш Кеңестің ІІІ отырысы аясында өтіп, кең бағдарламаны қамтыды.


Кездесуге Республикалық студенттер кеңесінің мүшелері, Қазақстан студенттері альянсының аймақтық төрағалары, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының белсенді студенттері және аймақтық студенттік омбудсмендер қатысты.


Кездесу барысында министр белсенді жастар мен студенттердің құқығын қорғау жөніндегі омбудсмендердің алдында сөз сөйлеп, студенттік кезең – нағыз тамаша уақыт екенін атап өтті, өйткені дәл осы кезеңде жастар оқуда, ғылымда, қоғамдық өмірде және стартапта да өз-өзінің потенциалын жүзеге асыра алады.


«Құрметті студенттер, бүгін сіздерде өз-өздеріңізді жан-жақты дамыту үшін барлық ресурстар мен мүмкіндіктер бар. Біздің жастар өте шығармашыл, талантты, білімді екенін айта кету керек. Сол білімді дұрыс жолға бағыттап, одан ақпараттық әрі сапалы контент жасау керек. Соңғы жылдары қазақстандық жас ғалымдар тамаша ғылыми жетістіктерге қол жеткізіп, өмірдің әртүрлі салаларында жаңалықтар ашты. Біздің міндетіміз – сіздерге, студенттерге өз әлеуеттеріңізді іске асыруға, бойдағы таланттарыңыз бен шыққан ғылыми нәтижелерді қалың жұртшылыққа таныстыруға барынша жағдай жасау», – деді Саясат Нұрбек.

Кеңес отырысының ресми бөлігі кезінде ведомство басшысы өңірлік омбудсмендерге алғыс хаттар табыстап, жастар саясаты бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылығын білдірді.



Саясат Нурбек







Σχόλια


bottom of page