Астанада CEENQA (Орталық және Шығыс Еуропадағы жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету агенттіктерінің желісі) Бас Ассамблеясы өтті. Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.
CEENQA-2023 Бас ассамблеясын өткізудің негізгі мақсаты – жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің маңызды мәселелерін талқылау, сыртқы бағалау бойынша кәсіби қоғамдастықтың дамуына ықпал ететін білім беру жүйелерін трансформациялау саласындағы үздік тәжірибелермен алмасу.
Саясат Нұрбек өз сөзінде қазақстандық білім мен ғылымның алдында ауқымды, шұғыл міндет тұрғанын – жаңа үрдістерге ілесіп қана қоймай, бір қадам алда болу, трендтер қалыптастыру керек екенін айтты.
«Білім беру жүйесін дамытудың жаңа серпіні халықаралық тәжірибе мен әлемдік стандарттарды кеңінен қолдану негізінде білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінгі таңда аккредиттеу білім беру сапасын қамтамасыз етудің маңызды тетігі, білім беру бағдарламаларын жаңартудың және түлектердің қоғамдағы бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басты катализаторы болып табылады», - деді министр.
Іс-шара 3 маусымға дейін жалғасады, оның аясында семинар, workshop, презентациялар және панельдік пікірталастар өтеді.
Commentaires