top of page
Search

Сенатта ғылымды қолдау шаралары талқыланды

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Ғылым және жоғары білім министрлігінің басшылығымен, сондай-ақ ғалымдар мен сарапшылармен кездесті. Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Жүздесу ғылым саласының жай-күйі, проблемалары, келешегі және құқықтық реттеу мәселелеріне арналды.

Сенаторлар мен ғалымдар ғылыми мамандардың жетіспейтіні және жалақысының төмендігі туралы мәселелерді көтерді. Сондай-ақ Қазақстанның жаһандық инновациялық рейтингте артта қалуы мен еліміздегі инновациялық өндіріс үлесінің төмендігі де атап өтілді.


«Бүгінгі шарамыздың негізгі мақсаты – еліміз Президентінің өткен жылғы қыркүйектегі Жолдауында берілген тапсырмалардың іске асыру барысы туралы ақпаратты және VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзіндегі қойылған тапсырмаларды жүзеге асыру жөніндегіжоспарларды тыңдау болып табылады. Сонымен қатар ғылымды басқару жүйесін жаңғырту, ғылыми әлеуеттің сапасын арттыру, ғылымның нәтижесін экономикаға енгізуге қатысты мәселелерді пысықтау да күн тәртібінде тұр», - деді Нұртөре Жүсіп.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараты бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ғылыми және сараптамалық қоғамдастықтың атсалысуымен ұлттық деңгейдегі қолданбалы мәселелерді шешуге ғылымды тарту үшін ғылымды дамытудың 2025-2026 жылдарға арналған бағдарламалық құжаттары әзірленген екен.


Бұл құжаттар саланың кадрлық әлеуетін нығайтуға, ғылыми қызметкерлер санын 1,5 есеге арттыруға, ғылыми экожүйенің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының даму басымдықтарына сәйкес салалардың негізгі ғылыми-техникалық міндеттерді қалыптастыру тетіктерін енгізуге бағытталған.


Сенаторлар осы шараға дайындық аясында бірқатар көшпелі кездесулер өткізді және онда барлық мүдделі тараптарды тыңдай отырып, жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерді егжей-тегжейлі зерделеді.


Ғылым қорындағы кездесу барысында ғылыми саланың дамытуға заң шығару ісінде қолдау көрсетуге, оның нығайтуға үлес қосуға, оның ішінде салалық министрлікпен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға сенаторлардың дайын екендігі атап өтілді.


Қатысушылар кездесу нәтижесі бойынша осы бағыттағы бірлескен жұмыс жалғасатынын атап өтті.



Comments


bottom of page