Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барған ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Бөкетов университеті ұжымымен кездесті. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.
Жоғары палата спикері студенттермен, оқытушылар құрамымен және университет қызметкерлерімен әңімелесті. Шараға Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев та қатысты.
Мәулен Әшімбаев студенттердің мемлекеттік басқару мен менеджменттің жаңа әдістері мен тәсілдеріне, қазіргі әлемдегі көшбасшы рөліне қатысты сұрақтарына жауап беріп, атақты француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюперидің негізгі идеясы мен құндылықтар жүйесі жөніндегі сөздерін мысалға келтірді.
Сондай-ақ, сенатор аналитикалық, құрылымдық және жүйелі ойлау қабілеті мен рухани көшбасшылық, тұлғаны үздіксіз дамытудың өзекті мәселесіне тоқталды.
Кездесу барысында Сенат спикері заң жобаларын талқылау процесімен жақынырақ танысу үшін Бөкетов университетінің студенттерін Жоғары палатаға шақырды.
Comments