top of page
Search

Сертификаттау және дағдылар мен құзыреттерді бағалау жүйесін енгізу мәселесіне қатысты түсініктемесі

Бүгін бірқатар БАҚ беттерінде елімізде жұмысқа орналасу кезінде диплом міндетті болмайтыны туралы айтылған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдемесі жарияланды.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі атап өткендей, білім беру жүйесін ұлттық біліктілік жүйесін дамыту арқылы жұмыс берушілердің талаптарымен байланыстыратын «Кәсіптік біліктілік туралы» заң жобасы туралы сөз болды.


ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі айтқан ақпаратқа қосымша ретінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мынаны хабарлайды:

Шынында да, кейбір кәсіптер бойынша біліктілікті растау және бірқатар кәсіптер бойынша сертификаттау жүйесі жұмысқа орналасу үшін міндетті болуы мүмкін. Бірақ, бұл барлық мамандықтарға қатысты емес және кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Халықтың денсаулығына, тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз етуге және қауіпсіздігіне байланысты реттелетін кәсіптер үшін бұндай тәжірибе халықаралық деңгейде қолданылады. Яғни, аталған кәсіптер Ұлттық біліктілік шеңберінің 6-8 деңгейлерінде ресми білімнің болуын жоққа шығармайды. Бұл ретте сертификаттау жүйесі арқылы алынған біліктілікті растау талап етіледі.

Айта кету керек, біліктілікті растау және сертификаттау жүйесі кәсіби стандарттарға сәйкестігін көрсетеді. Онда сертификатталушының білім деңгейі міндетті түрде көрсетіледі. Яғни, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, ТжКБ, орта немесе толық емес орта.

Заң жобасында бейресми немесе өз бетімен оқу – қосымша білім ретінде қарастырылады. Бұл өмір бойы оқыту тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған. Яғни, азаматтарға белгілі бір курстар арқылы өз білімдері мен дағдыларын жаңартуға мүмкіндік беріледі.



Commentaires


bottom of page