top of page
Search

Серікбаев университеті ҰТО басшысымен ата-аналар жиналысын өткізді

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті мектеп және колледж түлектерінің ата-аналарына арналған ауқымды жиналыс өткізді. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.

Елімізде мұндай жиналыс алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев атап өтті. Жалпыға бірдей ата-аналар жиналысында Руслан Тоқтарбекұлы биылғы ҰБТ өзгерістері, жаңашылдықтары, тәртіптері мен ережелері туралы баяндады. Ұлттық тестілеу орталығының директоры жиналыстың өзектілігін, тек ата-аналардың қатысуының маңызына ерекше мән берді.

«Ұлттық бірыңғай тестілеу кезеңінде ең жиі кездесетін тенденция – грантқа деген жанталас. Тегін білім қаншалықты маңызды болса, түлектің, елдің болашағы үшін «дұрыс мамандық таңдаудың» маңызы кем емес, тіпті кей жерде әлдеқайда артық болмақ», - деді Руслан Емелбаев.

Іс-шара Ұлттық бірыңғай тестілеуге негізделсе де, кәсіптік бағдар беру мәселелері шетте қалмады.

Бұл туралы Руслан Тоқтарбекұлы өз баяндамасында да, ата-аналардың сұрақтарына жауап беру барысында да атап өтті. Жиналысқа өңірден 200-ге жуық ата-ана келіп, онлайн режимде 100-ге жуық адам қатысты.


Жиын соңында балалардың оқуына, ғылыми жұмыстарына белсенді қатысқан ата-аналарға университет атынан алғыс жарияланды.




Comments


bottom of page