top of page
Search

Студенттері ұлттық «Lesson study» конференциясында жүлделі номинацияларға ие болды

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері ұлттық «Lesson study» конференциясында жүлделі номинацияларға ие болды. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері Қазақстанда алғашқы рет өткен «Lesson Study: рефлексивті тәжірибеден тұрақты көшбасшылыққа» бірінші Ұлттық конференциясына қатысты.


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Педагогикалық шеберлік орталығының бастамасымен өткен Ұлттық конференциясына Қазақстан, АҚШ, Жапония, Малайзия, Шотландия, Ұлыбритания ғалымдары мен Lesson Study тәсілін белсенді енгізіп жүрген 500-ден астам қазақстандық педагогтармен бірге ең алғашқы педагогикалық ЖОО ретінде Қыздар университетінің студенттері де қатысты.


Студенттер Lesson Study әдісімен жүргізген зерттеулерінің нәтижесімен бөлісіп, тәжірибелі мұғалімдер мен Педагогикалық шеберлік орталығының білікті мамандары, халықаралық сарапшылардың мақтауына ие болды.


500-ден астам мұғалім қатысқан «Lesson Study: рефлексивті тәжірибеден тұрақты көшбасшылыққа» I Ұлттық конференциясына университет студенттері «Ең үздік рефлексивті зерттеу», «Ең үздік постер – III орын» аталымдары бойынша үздіктер қатырда орын алды.


Қазіргі таңда қыздар университеті Lesson Study зерттеу әдісімен дипломдық жоба жазуды енгізген ең алғашқы педагогикалық университет болып табылады.



Comments


bottom of page