top of page
Search

Сәтбаев университеті Өзбекстанда өкілдік ашуда

Сәтбаев университеті Өзбекстанда өкілдік ашуда. ҚР Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Сәтбаев Университетінің Ректоры Мейрам Бегентаев бастаған делегация Ташкенттегі Кимё халықаралық университетінде болды.

Сапар барысында екі университет Ташкенттегі Кимё халықаралық университетінің (Kimyo International University in Tashkent) базасында Сәтбаев Университетінің өкілдігін ашу ниеті туралы келісімге қол қойды.


Қол қойылған келісім ғылым және жоғары техникалық білім саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ бірлескен бағдарламаларды әзірлеуді көздейді. Осылайша, Сәтбаев Университеті Ташкентте ғарыштық инженерия, IT-технологиялар, материалтану және машина жасау сияқты білім беру бағдарламаларын ашуды жоспарлап отыр. Қазір университет бес жоғары оқу орнынан тұрады.


Сәтбаев Университетінің Өзбекстандағы өкілдігі өзбекстандық студенттерге инженерлік-техникалық салада сапалы білім алуға мүмкіндік береді және Қазақстан мен Өзбекстан арасында ғылым мен жоғары техникалық білім саласындағы ынтымақтастықты дамытуда маңызды қадам болмақ.

«Біздің инновациялық өніміміз білім беру саласында жаңа төңкеріс жасап, екі елдің экономикасының дамуына үлес қосады», – деді Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев.

Ташкент Кимё халықаралық университеті – Өзбекстандағы алғашқы жеке жоғары оқу орны болып табылады, ол 2018 жылы Ташкенттегі Ёджу техникалық институты ретінде құрылған.


Екі университеттің де ғылым мен білім саласында мол тәжірибесі бар және бұл ынтымақтастық екі елдің студенттері мен оқытушылары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.


Comments


bottom of page