С. Сейфуллин университетіне Боливарияның Венесуэла Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі – Rosalba Lo Bue Antico ханым (Rosalba Lo Bue antico) келді.
Кездесу барысында С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Басқарма төрағасы-Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Қ.М.Тіреуов пен Боливарияның Венесуэла Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі – Rosalba Lo Bue Antico ханым білім беру және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетті перспективаларын анықтады. Университет басшысы Елшіге ЖОО жетістіктерін таныстырып, студенттер мен оқытушылар үшін шетелдік серіктестер мен білім беру мүмкіндіктері туралы айта келіп,
- Соңғы жылдары біздің университет студенттермен алмасу және ғылыми зерттеулер бағдарламаларын белсенді түрде дамытып келеді және Сіздің ықпалыңызбен біз Венесуэла университеттерімен және ғылыми мекемелермен ынтымақтастығымызды кеңейте аламыз деп үміттенеміз. Біз өз тәжірибемізбен бөлісуге, сондай-ақ венесуэлалық студенттер мен ғалымдарды бірлескен зерттеулер мен білім беру бағдарламаларына қабылдауға дайынбыз, - деді Қанат Маратұлы.
Өз кезегінде Елші ханым екі елдің университеттері арасындағы өзара іс-қимылды дамыту жоспарларымен бөлісті, әсіресе Венесуэланың Галего университетін академиялық алмасудың әлеуетті серіктесі ретінде атап өтті. Талқылаудың негізгі аспектілерінің бірі - студенттер, профессорлық-оқытушылық құрам және ғалымдар әлеуетімен алмасу бағдарламалары шеңберінде ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыруға болатындығына тоқталды.
Елші ханым бүгінгі кездесудің маңыздылығына, тоқтала келіп, Сейфуллин университетінің студенттеріне Венесуэла елшілігінде тіл үйрену практикасынан өту мүмкіндігін ұсынды, бұл олардың кәсіби дамуына қосымша перспективалар ашады. Тараптар серіктестік қатынастарды жолға қоюға мүдделілік білдіріп, оларды іске асыру жолындағы алғашқы қадамдарды талқылап, бірлескен бастамаларды табысты іске асыру үшін одан әрі келіссөздердің маңыздылығын атап өтті.
تعليقات