top of page
Search

Тамара Дүйсенова Pearson компаниясының өңірлік директорымен халықаралық білім беру стандарттарын талқылады

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Pearson компаниясының өңірлік директоры Аркадиуш Жаворскиймен кездесті. Қазақстандық мамандарды оқыту және сертификаттау мәселелері талқыланды, «Замануи білім беру» журналы ҚР Премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


Заместитель Премьер-министра РК Тамара Дуйсенова встретилась с региональным директором компании Pearson Аркадиушем Жаворским.

Pearson – әлемдегі жетекші білім беру компанияларының бірі және Ұлыбританиядағы ең ірі біліктілікті сертификаттау ұйымы. Білім беру бағдарламалары мен бағалау саласындағы халықаралық сарапшылармен ынтымақтастықтың арқасында Pearson әлемдік деңгейдегі біліктілік стандарттарын әзірлейді. Компанияның тізіміне кіретін BTEC сертификаты 70-тен астам елде танылған.


Вице-премьер жұмыс берушілердің техникалық тапсырмаларын (кәсіптік стандарттар), оларға сәйкес келетін білім беру бағдарламаларын және осы бағдарламалар бойынша білім алушылардың білім деңгейін, іскерліктері мен дағдыларын бағалауды (сертификаттау) қамтитын Ұлттық біліктіліктің отандық жүйесін дамыту туралы айтып берді.


Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жоғары білім беруді интернационалдандыру басталды. Елде 23 танымал шетелдік университеттер жұмыс істей бастады. Орта және кәсіптік білім беруді трансформациялау бойынша шаралар қабылдануда. ТжКБ нарық үшін кадрлар даярлау базасына айналуы тиіс.


«Бүгінде бізде құрылыс, энергетика, мұнай-газ секторы салаларына маман даярлайтын бірнеше колледж халықаралық стандарттарды қолдануда. Бұл үрдісті жалғастыру біз үшін маңызды. Сондықтан дәл осы бағытта біз тиімді ынтымақтаса аламыз деп санаймын», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Pearson компаниясының өкілі Қазақстанда халықаралық оқу стандарттарын және тәуелсіз сертификаттау жүйесін енгізу үшін салалық министрліктермен әріптeстік орнатуға дайын екендігін білдірді.


«Стандарттарды әзірлеу кезінде біз жұмыс берушілердің сұранысына назар аударамыз. Біз біліктілік стандарттарын құру, оқу бағдарламаларын бағалау және қажет болған жағдайда оларды жетілдіру бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз», — деді Аркадиуш Жаворский.

Comments


bottom of page