top of page
Search

Таразда екі диплом алу және кепілдендірілген жұмысқа орналасу мүмкіндігі

26.07.2024.


М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің ректорлары қабылдау комиссиясының жұмысымен танысты.


филиал РХТУ им. Д. И. Менделеева

Д.И.Менделеев атындағы РХТУ филиалы «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша оқытады. Менделеев атындағы университет ректоры Илья Воротынцевтың айтуынша, түлектер болашақта ғылыми-зерттеу институттарында, зертханаларда жұмыс істеп, оқытушылық қызметпен айналыса алады.


«Университет базасында ашылған филиал түлектерге бірден екі елдің дипломын алуға мүмкіндік береді. Пәндер бойынша оқу нәтижелері есептеліп, бірлескен қорытынды аттестаттау жүргізіледі. Диплом алғаннан кейін түлектер инженер-химик, зертханашы, химик-технолог, биотехнолог, зерттеуші инженер ретінде жұмысқа орналаса алады», - деді Илья Воротынцев.

50 баллдан жоғары жинаған талапкерлер РХТУ филиалына құжаттарын тапсыра алады. 19-26 тамыз аралығында орыс тілі және химия бағыттарында оқуға қабылдау емтиханы өтеді.


Айта кетейік, 2024 жылы мемлекеттік білім беру гранты бойынша РХТУ-ға 30 орын бөлінді. Бұл оқу орнын бітіргеннен кейін түлектер екі диплом алумен қатар, «Казфосфат» ЖШС-де кепілдендірілген жұмысқа орналаса алады.

 

 

Comments


bottom of page