«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым қорымен «Технологияларды коммерцияландыру реакторы» ғылым мен бизнесті интеграциялау бойынша III мамандандырылған диалог алаңы ұйымдастырылды. ҚР ҒЖБМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, «Современное образование» журналы хабарлайды.
Іс-шара шеңберінде Қазақстанның ЖОО және ҒЗИ ғалымдары бизнесмендерге, кәсіпкерлерге және әлеуетті инвесторларға өздерінің ғылыми идеялары мен әзірлемелерін ұсынды.
Ұсынылған жобалар ішінде топырақты өңдеудің инновациялық технологиясы, қой сүтін қайта өңдеу, жіті калькулезді холециститті хирургиялық емдеуге арналған әмбебап жара кеңейткіш, концентрацияланған гумин тыңайтқыштарын өндіру, бағалы балық түрлеріне арналған құрама жем сияқты және т.б. жобалар бар.
Коммерцияландыру реакторына 14 спикер-ғалым, 60-тан астам бизнес және университет өкілдері қатысты.
Comments