top of page
Search

Түркияда қазақ тілін оқыту мәселелері бойынша меморандумға қол қойылды

Түркияда қазақ тілін оқыту мәселелері бойынша меморандумға қол қойылды.ҚР Ғылым және жоғары білім министріліг Тііл саясаты комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сапиев Еркебұлан Оңалбекұлымен және «TURKTAV» түрік тарихы мен мәдениеті басшылығымен кездесті.

Кездесу барысында шетелдегі қазақ диаспораларына қазақ тілін оқытатын оқу-әдістемелік құралдар, арнайы электронды жобалар таныстырылды. Солардың бірі қазақ тілін Қазақстанда және шетелде оқыту және ілгерілету бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы әзірленген «Аbai.institute» веб-порталы. 6 тілде (қазақ, ағылшын, неміс, француз, орыс, түрік, парсы) ұсынылған порталды пайдаланушылар саны жыл өткен сайын артып келеді.

Осы орайда Елшімен Түркияда ортақ тіл оқыту курстарын ашу мәселесі талқыланып, екіжақты меморандумға қол қойылды.

Жалпы, 2022 жылы «Abai.institute» платформасы арқылы офлайн қазақ тілі курсы әлемнің 8 елінде ұйымдастырылды (Омбы, Астрахан, Мәскеу, Будапешт, Горган, Ұлан-Батыр, Париж, Мюнхен, Хюстон, Мадрид).


Comments


bottom of page