top of page
Search

Францияда тілдік даярлау бағдарламасына қатысуға конкурс жарияланады

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» («Болашақ») акционерлік қоғамы және Францияның Қазақстандағы Елшілігі арасындағы үшжақты ынтымақтастық шеңберінде жас зерттеушілерге арналған Тілдік даярлау бағдарламасына қатысуға конкурс жарияланады.Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Жеңімпаздар француз тілін оқыту бойынша бір жылдық курстан өтуге мүмкіндік алып, кейіннен Францияға тағылымдамадан өтуге аттана алады немесе француз жоғары орындарының біріне оқуға түсу үшін француз тілін үйренуді жалғастыра алады.


Қатысу шарттары:

  • жас шегі 35 жасқа дейін;

  • инженерлік-техникалық бағыты бойынша бакалавр дипломы;

  • GPA 3.0/4.0 кем емес;

  • инженерлік-техникалық мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі бір жылдан кем емес

Басымды бағыттар: ауыл шаруашылығы, инженерлік-техникалық сала, ядролық және жаңғырмалы энергиялар, телебайланыс, информатика және IT. кәсіпорында тағылымдамадан өтуге немесе «Болашақ» бағдарламасы арқылы магистратурада оқуға ынталы инженерлік-техникалық бағыттағы мамандар (мамандықтар тізімі: https://bolashak.gov.kz/ru/pretendentu/specialnosti және https://bolashak.gov.kz/.../specialnosti-dlya-stazhirovok).


Өтінімді беру үшін, келесі құжаттарды PDF форматында contact-scac.astana-amba@diplomatie.gouv.fr мекенжайына жіберу қажет:

  • түйіндеме;

  • қосымшамасымен бірге бакалавр дипломының көшірмесі;

  • еңбек өтілі көрсетілген еңбек кітапшасы;

  • уәждемелік хат (тілдік даярлау сізге не үшін қажет).

Конкурс 2023 жылғы 25 маусымға дейін өтеді.


Бағдарламаға қатысты барлық сұрақтар бойынша Алиби Байтурин («Болашақ» ХБО: baiturin_a@bolashak.gov.kz), немесе Ксавье Ле Торривеллек мырзаға (Францияның Қазақстандағы Елшілігі: xavier.le-torrivellec@diplomatie.gouv.fr ) жүгінуге болады.


Commentaires


bottom of page