top of page
Search

Халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында қазақстандық оқушылар 6 медаль жеңіп алды

Физика, биология және химия пәндері бойынша халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында қазақстандық оқушылар 1 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды. ҚР ОАМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, «Современное образование» журналы хабарлайды. Осылайша, қатысушылар өткен жылғы рекордты жаңартып, 2021 жылмен салыстырғанда құрама қоржынына 3 медаль артық салды.


IJSO зияткерлік жарысы 2-12 желтоқсан аралығында Богота қаласында (Колумбия) өтті. Оған әлемнің 60 елінен барлығы 300-ден астам оқушы қатысты.

Жүлдегерлерді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов құттықтады.

«Халықаралық аренада оқушылардың жеңістер легі жалғасуда. Біздің жүлдегерлерді жоғары жетістіктерімен құттықтаймын! Жаңа жеңістер тілеймін! Биыл Президенттің тапсырмасы бойынша халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары ЖОО-да оқу үшін грант пен 4 млн теңгеге дейін қомақты ақшалай сыйақы алды. Мұндай олимпиадалардың тізімі тағы 7-мен толықтырылады», - деп атап өтті Оқу-ағарту министрі.

Биыл қазақстандық оқушылар ең беделді халықаралық пәндік олимпиадаларда 27 медаль жеңіп алып, жаңа рекорд орнатты. Сыйақының жалпы сомасы 73 млн теңгеден асты.



Komentarze


bottom of page