top of page
Search

Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерледері үшін біржолғы сыйақы қарастырылған

Бүгінгі таңда қазақстандық 754 оқушы 23 халықаралық олимпиадаға қатысып, нәтижесінде 241 медаль иеленген. Оның ішінде 25 алтын, 75 күміс, 141 қола медаль. Жыл соңына дейін тағы екі халықаралық олимпиадаға қатысу жоспарлануда, «Современное образование» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Біздің оқушылар ең беделді жеті халықаралық олимпиададан 23 медаль: 2 алтын, 11 күміс, 10 қола жеңіп алды. Олардың қатарында IMO, IPhO, IBO, IOL, IСhO, IGeO, IOI білім сайыстары бар. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылдан бастап жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, сондай-ақ оларды дайындаған мұғалімдерге біржолғы сыйақы беріліп келеді. Айта кетейік, алтын медаль алған оқушы 1500 АЕК, күміс медаль үшін 1000 АЕК, қола медаль үшін 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы алады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дайындаған мұғалімдерге келесі мөлшерлерде біржолғы сыйақы беріледі: – І дәрежелі диплом және алтын медаль иегерін дайындаған оқытушыға – базалық лауазымдық жалақының 26,5 еселенген мөлшері; – ІІ дәрежелі диплом және күміс медаль иегерін дайындаған оқытушыға – базалық лауазымдық жалақының 17, 5 еселенген мөлшері; – ІІІ дәрежелі диплом және қола медаль иегерін дайындаған оқытушыға – базалық лауазымдық жалақының 8,5 еселенген мөлшері.









Comentarios


bottom of page