top of page
Search

ХІХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасында қазақстандық оқушылар 66 медаль жеңіп алды

Оның ішінде 6 алтын, 20 күміс және 40 қола медаль бар. ҚР ОАМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, «Современное образование» журналы хабарлайды. Жеңімпаздар еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының атаулы сыйлықтары мен білім гранттарын иеленді.

26 елдің 281 командасы 10 күн бойы математика, физика және информатика пәні бойынша сынға түсті. Қазақстаннан құрамында 250 оқушысы бар 35 команда бақ сынады. Дәстүрлі халықаралық Жәутіков олимпиадасына Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Ресей, Грузия, Румыния, Сербия, Украина, Үндістан, Түркия, Ұлыбритания және басқа да елдердің физика-математика бағытындағы мамандандырылған мектептерінен жалпы 1200-ден аса оқушы қатысты.

«Халықаралық Жәутіков олимпиадасы оқушылар арасында танымал бола түсті. Олимпиада кезінде қатысушылар күрделі математикалық есептерді шешеді. Мұндай зияткерлік конкурстар олардың білімін тереңдетіп қана қоймай, балаларды командада жұмыс істеуге, достық қарым ‒ қатынас орнатуға үйретеді», - деп атап өтті РФММ басқарма төрағасы Руслан Қалиев.

Олимпиада қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар 66 медаль жеңіп алды. Оның 6-уы алтын, 20-сы күміс және 40 қола. Жеңімпаздарға сыйлықтар мен білім беру гранттары қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық Жәутіков олимпиадасы ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің қолдауымен Республикалық физика-математика мектебінің базасында өтті.


Фото: www.almaty.fizmat.kz

Comments


bottom of page