top of page
Search

ШҚО-да ерте жастан дамыту педагогтары мен эрго-педагогтары оқытылады

ШҚО-да ерте жастан дамыту педагогтары мен эрго-педагогтары оқытылады. ҚР Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Жаңа заман жаңа мамандарды қажет етеді. Бүгінде елде 0-ден 3 жасқа дейінгі балалардың ерте жастан даму педагогтары мен эрго-педагогтары жетіспейді. Осыған байланысты Шығыс Қазақстанда инклюзивті білім беру саласында сұранысқа ие мамандықтарды оқытатын болады.


Биыл аймақтағы жалғыз инклюзивті орта мамандарын дайындаумен айналысатын ЖОО – С.Аманжолов атындағы ШҚУ «Ерте жастан қолдау педагогикасы» мамандарын даярлауды бастайды. Білім беру бағдарламасы дамудың ерте ерекшеліктерін бағалауда және дайындықты жобалауда маманның құзыретін қалыптастырады.

«Статистикаға сүйенсек, жаңа туған нәрестелердің тек 2%-нда түрлі ауытқушылық анықталады. Тек, 8-9 жаста ондай балалардың саны 10%-ға дейін артады. Бұл дегеніміз балалардың 8%-нда ерте жасынан кемістікті байқай алмаған және қажетті көмек көрсетілмеген», - дейді Дүниежүзілік банк қаржыландыратын «ҚР Педагогикалық білім беруді жаңғырту» жобасы аясында ЖОО-дары педагогикалық әзірлеушілер командасының жетекшісі Светлана Стельмах.

Екінші сұранысқа ие мамандық – эрго-педагогика церебралды сал ауруы және тірек-қимыл аппаратының басқа да бұзылуы бар балалармен жұмыс істеуге бағытталған. «Эрго-Педагогика» түлектері даму ерекшеліктері бар баланың мағыналы іс-әрекетін дамыту бағдарламаларын әзірлеумен және жүргізумен айналысады.

«Алайда, біздің елде бейімдік дене шынықтыру мамандары оқытылмайды. Сондықтан біз «Эрго-педагогика» бағдарламасына үлкен бір модульді енгіздік. Болашақта эрго-педагог түлектеріміз бұл жоқтың орынын толтыра алады деген сенімдемін», - деп атап өтті Светлана Стельмах.

ШҚУ-да «ҚР педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту» ұлттық жобасы аясында 2023-2024 оқу жылынан бастап оннан аса білім беру бағдарламасы енгізілетінін айта кетейік.


Comments


bottom of page