top of page
Search

ШҚТУ метаәлемінде «Ақылды Awards 2023» жеңімпаздары марапатталды

ШҚТУ метаәлемінде «Ақылды Awards 2023» жеңімпаздары марапатталды.

Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Жоғары оқу орнындағы жылдың маңызды оқиғасы метаәлемде ұйымдастырылуымен ерекшеленді.

ШҚО өңірлік жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың «Білікті маман» жобасы аясында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті бесінші жыл қатарынан «Ақылды Awards 2023» гранттарын табыстады.


Пандемия еңбек қатынасына, білім саласына әсерін тигізіп, онлайн байланыстың аясын кеңейте түсті.

ІТ саласы желілік байланысты еселеп дамытып, толықтырылған виртуалды шындық, метаәлем өрісін жоғары деңгейге көтерді.


Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ «Metaverse» артықшылықтарын «Алтын белгіге» үміткер жоғары сынып оқушыларын марапаттау рәсімінде толық сынап көрді.



Comments


bottom of page