Жақында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «AntiParaCraft – 2021» студенттік жемқорлыққа қарсы квест өткізіліп, челлендж жарияланған болатын. Осыған орай, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Техникалық университетінің студенттері жемқорлыққа қарсы квест ұйымдастырды. Бұл іс-шара жоғары оқу орнының студенттері арасында парасаттылықты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті, Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Архат Бейсембаев, «Шығыс — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаты Маржан Бақыт квест ойынға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ал ШҚТУ бірінші проректоры, Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкіл, Сәуле Рахметуллина аталмыш қадамның маңызды екенін атап өтеді.
«Университетімізде «Халықаралық ISO стандарттары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі» енгізілуде. ISO 37001: 2016 халықаралық стандарты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау, ISO стандартының құрылымына талдау жасау, университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін енгізу және жетілдіру, жүйені және оның процестері мен элементтерін жобалауға қойылатын талаптарды күшейтеді. Біздің университеттің қабырғасында жемқорлыққа жол бермеуге «Адалдық капитандары» өз үлестерін қоспақ. Бұл шараның басты ерекшелігі студенттер арасында критикалық ойлау шеберлігін дамыту, өз ойын айқын жетілдіре білулері бағаланады. Бұл жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге бағытталған бірегей жоба. Жемқорлыққа қарсы квест ойын өткізу унивесритеттің жыл сайынғы дәстүріне айналмақ», - дейді ол.
Айта кетерлігі, студенттер де бұндай шараның игілігін түсініп, қызықты, тартымдылығын ерекше атап өтеді. Бұндай шараның жалғасын табатынына да сенім білдіреді.
Ақпарат көзі: inform.kz
Comments