top of page
Search

Ыстанбұл шаһарының басшысы қабылдады


Түркия президентінің жарлығымен 20 миллион халық тұратын Еуразиядағы таңғажайып тарихи алып шаһар Ыстанбұл қаласының губернаторы болып Давит Гүл (Davit GUL) тағайындалды. шаһар басшысы Д. Гүл Ыстанбұлда тұратын Әділет және даму партиясы Орталық аппаратының әйелдер тобының атқарушы мүшесі, қоғам белсендісі, Қазақ қызы Рашида Зейнешқызы Юксел ханымды, Қазақстанның Тәуелсіздігіннен соң, Ыстанбұл қаласында бірінші Қазақ Бас консулы (1992), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Уәйісті қабылдады.


Бүгінгі әлем қалаларының ішінде алғашқы ондыққа кіретін Ыстанбұлдың тарихи орын ерекше. Айналасын төрт теңіз қоршаған Түркиядағы тіпті Еуропа мен Азияның тарихи жауһарлары сонау Осман сұлтанаты заманындағы көне ескерткіштер баға жетпес байлық. Мұнда күніне миллиондаған туристер, қонақтар келіп жатады. Қала күн сайын ғарыштап даму үстінде. Бұл Ыстанбұлға деген халықтың үлкен құрметі, шексіз ықыласы.


Құрметті дәрігер, белсенді Қазақ қызы, Қазақ диаспорасының көрнекті өкілі Рашида Юксел ханым Ыстанбұлда туып өскен. Медицина университетін бітірген. Көп жылдар бойы үлкен емханада жұмыс жасады. Қазір қоғамдық жұмыстардың бел ортасында, Зейтұнбұрын ауданы маслихатының мүшесі болды. Биыл қыс айларында Түркияда болған зіл-зала аймақтарында бір ай бойы болып, бірнеше облыстарда халықпен бірге жүрді. Көп мәселенің шешілуіне үлесін қосты.


Қазақ телевизиясы мен радиосының Түркиядағы алғашқы тілшісі, шетелде аккредитацияға тіргелген тұңғыш Қазақ журналисі, Қазақстанның Ыстанбұлдағы бірінші Бас консулы Ержан Уәйіс Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени достық байланыстарды дамытуда ерекше еңбек етті. Бүгінгі таңда Түркияда 25 мың қазақ қандастарымыз өмір сүруде. Осыдан 70 жыл бұрын сонау Алтай, Тарбағатай өңірлерінен шығып, Үндістан, Пакістан елдері арқылы Түркиядан пана тапты, тұрақты қоныстанды. Сол үшін де Түркия үкіметіне, оның басшысы Адынан Мендереске алғыстары шексіз дейді – Дүниежүзі Қазақтары қауымдастығының өкілі Е. Уәйіс. Осы диаспора өкілдерінің 3/1 Ыстанбұлда тұрып жатыр.


Зейтұнбұрын ауданындағы Абай ескерткіші ағайындарды ынтымаққа, елдікке, береке бірлікке шақырып тұрғандай. Сондай-ақ, мәдениет және сауда орталығында да айтарлықтай жұмыстар жүріп жатыр. Бір қатар шаралар халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы мен бірлесіп өткізілді. Қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдар көрмесі, сонымен бірге, кезінде Түркия президенті Тұрғыт Озал 1992 жылы тілші Ержан Уәйісті 1-қабылдап арнайы фото-аппарат сыйлаған еді. Сол фото аппартпен түсірлген суреттердің, 30 жылдық тарихы бар 100 ден астам суреттер ғимараттың үлкен залына қойылған дейді – орталықтың төраға орынбасары Е. Уәйіс.


Белгілі теле журанлист, дипломатия саласының ардагері Ержан Уәйіс Түрік дүниесінің қайраткерлері Дінмұхаммед Қонаевтан, президенттер Тұрғыт Озал, Сүлеймен Демирел, Абдолла Гүл, Ережеп Тайып Ердоған, Түрік әлемінің лидері Алпарсылан Түркештен Қазақ телевизиясына сұхбат алған бірінші қазақ уәкілі.

Ыстанбұл губернаторы, қала басшысы, әкімі Давит Гүлді жаңа қызметімен құттықтап, ата-бабаларымыздан жеткен симбол Қазақ шапанын иығына жапты. Қасиетті Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауй кесенесінің ағаштан ою-өрнекті компазиция макетін естелік ретінде сыйлады.













Comments


bottom of page