top of page
Search

Ғаждембек Тұрсынов «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болып тағайындалды

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ұжымға «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының жаңа басшысын таныстырды. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды. Ғаждембек Тұрсынов Павлодар облысының тумасы. В.Воровский атындағы Павлодар педагогикалық колледжі, «Қайнар» және инновациялық Еуразия университтерінің түлегі.

Еңбек жолын 1995 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.

Әр жылдарда Ертіс қазақ орта мектебі директорының орынбасары, дарынды балаларға арналған «Жас дарын» мамандандырылған мектеп директорының орынбасары, Павлодар облысы білім басқармасының бас маманы, «Ертіс дарыны» облыстық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2019 жылдан бастап «Дарын» РҒПО директорының орынбасары, 2020 жылдан 2023 жылға дейін «Астана Дарыны» орталығының директоры қызметін атқарды.



Comments


bottom of page