Ғани Бейсембаев ҚР Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды. Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, "Современное образование" журналы хабарлайды
Ғани Бейсембаев 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.
1989-1990 жылдары — қазақ тілі мұғалімі.
1990-1995 жылдары — орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
1995-1997 жылдары — орта мектеп директоры.
1997-2000 жылдары — ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы президентінің ғылыми хатшысы, референті.
2000-2001 жылдары — Қапшағай қаласы Білім бөлімінің басшысы.
2001-2006 жылдары — Халықаралық қосымша білім беру орталығының директоры.
2006-2007 жылдары — Алматы технологиялық университеті Техникалық-экономикалық колледж директоры.
2007-2020 жылдары — Халықаралық білім беру орталығының бас директоры.
2020 жылы ҚР БҒМ «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болды.
2020-2022 жылдары — ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті.
2022 жылғы наурыздан 2022 жылғы тамызға дейін – ҚР Білім және ғылым вице-министрі.
2022 жылдың 27 тамызынан бастап – ҚР Білім вице-министрі.
Бұрын ведомствоны басқарған Асхат Аймағамбетов қызметінен босатылды.
Comments