Исламабад қаласында өткен «Ислам ынтымақтастық ұйымы – 15 диалог алаңына» ұйымға қатысушы 15 елдің және ИЫҰ ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комитетінің (COMSTECH) 2 ұйымының өкілдері қатысты. ҚР ҒЖБМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, «Современное образование» журналы хабарлайды. Іс-шара барысында білім, ғылым және технологиялар мәселелеріне жауап беретін ИЫҰ елдерінің сыртқы істер министрлерінің 2023 жылы Астанада өтетін алғашқы кездесуі талқыланды.
Басқосу барысында Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Заки Президент жанында Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесті құру жөнінде хабардар етті. Сондай-ақ отандық ғылымның болашағы мен мүмкіндіктері және осы салада жүргізіліп жатқан реформалар жөнінде айтып берді.
Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі өзара іс-қимыл жасау үшін бағыттарды айқындау мақсатында, онлайн-келіссөздер жүргізуге барлық мүдделі тараптарды шақыра отырып, келесі жылдың басында жиын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Comentarios