Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольцтің Қазақстанға ресми сапары аясындағы «Қазақстан-Германия» бизнес-форумында SVEVIND ENERGY-мен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Svevind Energy-жаңартылатын энергетикалық жобаларды әзірлеуге арналған Svevind компаниялар тобының бөлігі.
Svevind 30 жылдан астам тәжірибесі бар және жердегі жел электр станцияларын, сондай-ақ жаңартылатын энергия және сутегі жобаларын сәтті жоспарлау, әзірлеу, жобалау, қаржыландыру, сату және пайдалану тарихы бар.
Осы Меморандумның мақсаты Тараптар арасындағы жоғары білім және ғылым саласындағы, атап айтқанда Жасыл сутекті зерттеу, климаттың өзгеруі және жаңа технологияларды пайдалану жөніндегі ынтымақтастықты дамыту және нығайту болып табылады.
Kommentare