Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Еуропалық одақтың Қазақстандағы Елшісі Кестутис Янкаускаспен кездесті. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.
Кездесу барысында тараптар жоғары білім және ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастық жайын талқылады.
Еуропалық Одақ зерттеушілерімен ғылыми ынтымақтастық мәселелері де қарастырылды. Келіссөз барысында министр Ғылым қоры базасында Еуропалық Одақтың ғылыми-технологиялық даму және инновациялар жөніндегі негіздемелік бағдарламаларымен ынтымақтастық жөніндегі Ұлттық үйлестіру орталығын құру қажеттігін атап өтті.
Кездесуге Қазақстан Республикасындағы Еуроодақ Өкілдігінің Жоба үйлестірушісі Ақмарал Манатбек, Бағдарлама менеджері Роберт Брудзински, Ғылым және жоғары білім вице-министрі Камиль Ақатов, Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Заки, Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Асылхан Бибосынов, «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы Әбділда Шәменов және «Ғылым қоры» АҚ төрағасының орынбасары Әлия Сембаева қатысты.
Comments