Ғылым Қоры «Ғылым мен технологияларды коммерцияландырудағы жастар» диалог алаңның ұйымдастырды. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.
Баяндамашы ретінде жас ғалымдар, ғылыми және жастар ұйымдарының басшылары, жоғары оқу орындарының және орталықтардың өкілдері - «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» АҚ Басқарма төрайымы Әлия Оспанова, Ұлттық биотехнология орталығының Бас директоры м.а. Айша Ысқақова, Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов, «Идеядан басылымға дейін» кітабының авторы Қайрат Молдашев, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің проректоры Еламан Айбулдинов, Ғылым қорының Инвестиция және жаңа жобалар департаментінің бас менеджері Юлия Вяткина, «Жас зерттеушілер альянсы » қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Бейбіт Әбдікенов, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының Талдау және коммуникация бөлімінің сарапшысы Камилла Манакова, Торайғыров университетінің Директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Өтешев, «ҚБТУ инкубаторының» директоры Владимир Попов, «National Laboratory Astana» ғылыми қызметкері Аяулым Нұрғожина сөз сөйледі.
Ғылым қорының басқарма төрағасы Әбділда Шәменов кездесуді аша отырып, ғылымды қажетсінетін экономиканы құруға жастардың қатысуына ерекше мән берді және жас ғалымдарды мемлекеттік қолдау шараларына тоқталды.
Ұлттық академиялық кітапхананың меңгерушісі Ғазиза Нұрғалиева жас зерттеушілерді қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтты.
Кездесуге қатысушылар ғылымды коммерцияландыруға жастарды тарту тәжірибесімен бөлісті, жастар ғылымын дамытудағы университеттік корпоративтік басқарудың рөлі туралы, «Болашақ» бағдарламасының мүмкіндіктері мен перспективалары туралы, сондай-ақ «500 ғалым» жобасына қатысу ережелері туралы айтты.
Шара соңында Ғылым қоры Халықаралық бағдарламалар орталығы және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен меморандумдарға қол қойды.
Comments