top of page

ҚазАТЗУ көрмесінде — аграрлық ғылым мен инновация жетістіктері

Астанадағы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде (ҚазАТЗУ) Қытай делегациясының қатысуымен өткен көрме жоғары оқу орнының агроөнеркәсіп, экология және цифрлық технология саласындағы ғылыми жетістіктерін паш етті.


ҚазАТЗУ

Шараны университеттің Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі проректоры, Басқарма мүшесі Ержан Өмірханович Сырғалиев ашып, халықаралық әріптестіктің маңыздылығын атап өтті.


Көрме аясында түрлі факультеттердің жобалары таныстырылды. АӨК саласын цифрландырудағы Технологиялық құзыреттілік орталығы Солтүстік Қазақстандағы далалық шегірткелерді ГАЖ технологиясы мен қашықтықтан зондтау әдістері арқылы фитосанитарлық бақылау жобасын ұсынды.


Агрономия факультеті картоптың биотехнологиялық сұрыптау, тұқым шаруашылығы мен қорғаныс әдістерін таныстырса, Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультеті азық-түлік қауіпсіздігін бақылау мен «Ақылды жайылым» жобасын көрсетті.


Экономика факультеті органикалық өндірісті халықаралық талаптарға сай реттеу мен әдістемелік қамтамасыз ету жобасын таныстырды. Жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн факультеті — Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын (НИПД) құру жобасын ұсынды.



Техникалық факультет «Ақылды ауыл шаруашылығын» ғылыми-әдістемелік қолдау жобасымен таныстырса, Энергетика факультеті жылу электр станцияларындағы қалдықтарды экологиялық таза өңдеу мен спутниктік радарлық жүйелер арқылы нысандардағы зақымдарды анықтау жобаларын ұсынды.


Компьютерлік жүйелер факультетінің нейрондық желіге негізделген зиянкестердің таралуын болжау жүйесі де ерекше қызығушылық тудырды.


Көрме соңында қатысушылар Сәкен Сейфуллин музейіне және ҚР Тұңғыш Президенті музейіне экскурсия жасап, «ExpoGoods Central Asia» халықаралық көрмесімен танысты.


ҚазАТЗУ көрмесі — Қазақстан ғылымының даму әлеуетін паш етіп, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтатын маңызды алаңға айналды.



Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page