ҚазАТЗУ мен Huashi: халықаралық ынтымақтастыққа жаңа қадам
- Редакция "СО"
- Jun 9
- 2 min read
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті – да ҚХР құрылыс саласы көшбасшыларының бірі – «Huashi Construction Corporation» құрылыс корпорациясы делегациясының ресми сапары болды.

Сапардың мақсаты іскерлік байланыстарды нығайту және университеттің материалдық-техникалық базасын дамытуды, заманауи технологиялар мен тұрақты құрылыс шешімдерін пайдалана отырып, оқу, зертханалық және тұрғын үй ғимараттарын салуды қоса алғанда, инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективаларын талқылау болды.
Қытай делегациясының құрамына: Ю Чжэнцю – "Huashi Construction Corporation"ЖШС төрағасы; Чжоу Пин – "Huashi Engineering Design and Research" ЖШС Бас директоры; Сюн Вэй – "HUASHI Overseas" ЖШС Бас директорының орынбасары; Чен Ган – "Huashi Construction Corporation" ЖШС Бас директорының орынбасары, "Huashi overseas " Construction Corporation Central Asia" ЖШС Бас директоры,
ҚазАТЗУ тарапынан: "С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" КеАҚ Басқарма төрағасы - Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Қанат Маратұлы Тіреуов, операциялық қызмет жөніндегі проректор С.Қ.Омаров, экономикалық талдау департаментінің директоры Г.А.Мамажанов, Жер ресурстарын басқару факультетінің деканы Ж.З.Төлеубекова, сәулет кафедрасының меңгерушісі Н.Т.Даужанов және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Э. А. Өтеубаева кездесуде болды.
Кездесудің ресми бөлігі университет басшысы, академик Қ.М.Тіреуовтың құттықтау сөзінен басталды, ол "Huashi" корпорациясының өкілдеріне ынтымақтастыққа қызығушылық танытқаны үшін алғысын білдіре келіп:
"Біздің университет-әлемдік деңгейдегі университетке белсенді түрде айналып келе жатқан еліміздің жетекші аграрлық жоғары оқу орны. Біз Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарымен бірлескен жобаларды іске асырып жатырмыз және "Huashi" корпорациясымен ынтымақтастық ғылыми және инфрақұрылымдық салаларда жаңа көкжиектер ашатынына сенімдіміз. Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою бірлескен жобаларды іске асыру үшін берік негіз болады", - деді.
Жауап сөзінде "Huashi Construction Corporation" төрағасы Ю Чжэнцю университеттің жоғары әлеуетін атап өтіп, компанияның инфрақұрылымын дамытуға қатысуға дайын екенін білдірді.
Тараптар арасындағы қысқаша талқылаудан кейін кездесуге қатысушылар болашақ ынтымақтастықтың нақты бағыттарын талқылады, соның ішінде:
* оқу корпустары мен зертханалар салу;
* жатақханалар мен студенттік инфрақұрылым объектілерін дамыту;
* озық инженерлік және "жасыл" технологияларды енгізу;
* бірлескен білім беру және зерттеу жобалары.
Кездесу бірлескен бастамаларды іске асырудағы алғашқы ресми қадам болған өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою рәсімімен және жалпы суретке түсірумен аяқталды.
"Huashi" корпорациясы өкілдерінің сапары ҚазАТЗУ-дың халықаралық серіктестігін дамытудағы маңызды кезең болды. Университет жаһандық ынтымақтастықты нығайту, инфрақұрылымды жаңғырту және әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігіне интеграциялау бағытын жалғастыруда.
Comments