top of page
Search

«Қазақстандағы ғылымды цифрландыру» жобасы қалай жүзеге асырылуда

Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» ақ мен «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қоры арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Меморандум аясында тараптар «Қазақстандағы ғылымды цифрландыру» жобасын жүзеге асырудағы ынтымақтастық, Tech Garden жобалары мен іс-шараларына Қазақстанның ғылыми және сарапшылық қоғамдастығы өкілдерінің қатысуы туралы келісті.


ҰМҒТСО АҚ мен «Tech Garden» ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасындағы ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметтің тиімділігін арттыруға, ғылыми-технологиялық саясатты жүзеге асыруда Жасанды интеллект әлеуетін пайдалануға, ғылыми ұйымдар мен өнеркәсіптік секторлар арасында серіктестік қатынастарды қалыптастыруға ықпал етеді.


«Қазіргі уақытта ғылым саласындағы мемлекеттік саясат экономиканың маңызды салаларындағы, ең алдымен технологиялық және өндірістік салалардағы ғылыми-инновациялық қызметке бағытталған. Сондықтан еліміздің экономикалық дамуының жобалары мен бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысатын барлық құрылымдардың ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылын дамыту қажет», - деп мәлімдеді ҰМҒТСО АҚ басқарма төрағасы А. Қашқынбеков.

ҰМҒТСО АҚ мен Tech Garden арасындағы ынтымақтастық алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге және ғылыми-техникалық даму саласындағы өзекті міндеттерді шешуге ықпал етпек.


Comments


bottom of page