top of page

Қазақстанда автокөлік өнеркәсібіне арналған жаңа мамандықтар атласының жаңартылған нұсқалары әзірленді

Jul 22
1 min read

Қазақстанда жаңа кәсіптер мен құзыреттердің 9 салалық және 20 өңірлік атласы әзірленді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.


Қазақстанда автокөлік өнеркәсібіне арналған жаңа мамандықтар атласының жаңартылған нұсқалары әзірленді

Министр атап өткендей «Машина жасау» және «Көлік және логистика» салалық атластары, сондай-ақ Қарағанды және Қостанай облыстарының өңірлік атластары машина жасау саласын тікелей қамтиды.


Нәтижесінде 31 жаңа мамандық қалыптасып, 22 қолданыстағы мамандық трансформацияланады. Соның негізінде жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларын жаңартуда.


Сондай-ақ 73 мың кәсіпорын қатысуымен ауқымды сауалнама жүргізілді, оның 92-сі автоөнеркәсіп саласының кәсіпорындары. Бұл сала үшін инженерлік және жұмысшы кадрларға деген қажеттілік алдағы үш жылда 10 мыңнан астам адамды құрайды.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page