Қазақстанда балалар еңбегін заңсыз пайдаланудан қорғайтын арнайы ережелер бар
- Редакция "СО"
- Mar 31
- 1 min read
Қазақстанда балалар еңбегін заңсыз пайдаланудан қорғайтын арнайы ережелер бар, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Мәселен, 14 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге аптасына 24 сағаттан, 16 жастан 18 жасқа дейінгілерге 36 сағаттан артық емес уақыт жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
Бірақ жұмыс денсаулыққа зиянсыз, қауіпсіз ортада өтуі және жасөспірімге шамадан тыс ауыртпалық түсірмеуі тиіс. Сондай-ақ жұмыс жасау үшін ата-анаңның рұқсаты мен келісімінің болуы міндетті.
Еңбек заңнамасына сәйкес, түнгі уақытта – сағат 22:00-ден 6:00-ге дейін жұмыс істеуге, қосымша жүктемемен еңбек етуге, сондай-ақ қауіпті әрі зиянды жағдайларда жұмыс жасауға қатаң тыйым салынады.
Ата-ана да бұл ережелерді білуі тиіс, өйткені олар сенің құқықтарыңды қорғап, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге көмектесе алады.
Comments