top of page
Search

Қазақстанда қолданбалы бакалавриат енгізіледі

Қазақстанда пилоттық режимде қолданбалы бакалавриат енгізіледі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.


"Экономика үшін кадрларды жедел даярлау мақсатында биыл пилоттық режимде 2,5-3 жыл оқытумен қолданбалы бакалавриат тетіге енгізіле бастайды", - деді Аймағамбетов үкімет отырысында.

Сондай-ақ жоғарғы білім беруде "онлайн-оқыту" жаңа форматын енгізу жоспарлануда. Қазір тиісті заң жобасы мәжілісте қаралып жатыр.


Министр бұл цифрландыру заманының сұранысына сай келетін шара екенін атап өтті.

Аймағамбетовтің айтуынша, 2022 жылы гранттар саны 10%-ке артады.

Бұған қоса техникалық мамандықтарға арналған гранттардың үлесі 40%-тен 60%-ке дейін ұлғайтылады. Сондай-ақ, ауылдық квота да биыл 35%-ке дейін артады.

Білім сапасы жағынан алшақтық байқалатын өңірлердің талапкерлеріне техникалық бағыттар бойынша қосымша 10 000 нысаналы грант бөлінеді.


"Біз талдау жүргізіп, өңірлерді анықтадық. Бұл, бірінші кезекте, Маңғыстау, Атырау облыстары. Жоспарға сәйкес студенттер еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында білім алады. Сондай-ақ оқу аяқталған соң тұрғылықты жеріне барып өтеу көзделеді", - деді ведомство басшысы.


Бұдан бөлек, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің балаларына университеттерде тегін оқу үшін білім грантын беру туралы норма енгізіледі.



Comments


bottom of page