top of page
Search

Қазақстанның жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі – Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ 65 жаста

ШҚТУ-нің 65 жылдығына орай ЖОО қызметкерлері, ғалымдары мен еңбек сіңірген ардагерлері, кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен мерекелік іс-шара өтті. Кездесуді құттықтау сөзімен Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ашты, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


«Жоғары білім – студенттердің ғана емес, еліміздің жарқын болашағының кепілі. Өз ісінің нағыз мамандары жұмыс істейтін сіздердің университеттеріңіз тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де ғылым мен білімнің дамуына үлкен үлес қосатын көрнекті білім беру орталығына айналды. ШҚТУ жаңа жетістіктер мен биіктерге ұмтыла отырып, дамып, өсуін жалғастыруда. Профессорлық-оқытушылар құрамы мен ЖОО ұжымын мерейтоймен құттықтай отырып, оларға қажырлы еңбегінің жемісін көруін тілеймін», – деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Восточно-Казахстанский технический университет имени Д. Серикбаева

Салтанатты түрде ЖОО-ның қызметкерлері «Еңбек ардагері» медальдарымен, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен мәслихатының, Өскемен әкімдігінің, ШҚО Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының, сондай-ақ ШҚТУ ректорының құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.


Восточно-Казахстанский технический университет имени Д. Серикбаева

Айта кетейік, университет көптеген салаларда жоғары білікті мамандарды даярлау орталығы болып табылады, осылайша Қазақстан экономикасының дамуына өз үлесін қосып келеді. ШҚТУ «Эразмус» бағдарламасы бойынша «Айналмалы экономика және тұрақты даму саласындағы инновациялық білім беру бағдарламалары мен модульдерін әзірлеу» жобасы бойынша грант иегері болды, сондай-ақ алғашқылардың бірі болып Испания, Италия, Германия, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан және басқа да 14 шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдерінің қатысуымен ірі жобаның үйлестірушісі болып әлемдік деңгейде еліміздің атын танытып келеді.


Восточно-Казахстанский технический университет имени Д. Серикбаева









ความคิดเห็น


bottom of page